Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады

1.JPG

Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осылай деп мәлімдеді.

«Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңда тұңғыш рет «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Аталған құрылым жай ғана консультативтік, формальды органға айналмас үшін, 70-2-баптың редакциялық нұсқасында «Қазақстан халық кеңесі» Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл – халықтың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне жүйелі енгізуге арналған саяси институт. Яғни, жоғары консультативтік органның мүшесі болып табылатын кез келген Қазақстан азаматы заң шығару бастамасын көтере алады. Бұл — азаматтарға берілген нақты конституциялық мүмкіндік», – деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, Халық кеңесінің маңызы арта түседі. Ол жаңа саяси алаңға, мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін орталыққа айналады. Ең бастысы – Халық кеңесі толықтай ашық құрылым болады және оған кез келген азаматтың, барлық этностардың, кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мақсаты – мықты институттарға сүйенетін мемлекет қалыптастыру


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите