Конституциялық комиссия халықты егемендіктің иесі етуді ұсынды

99.png

Конституциялық комиссия халықты егемендіктің иесі етуді ұсынды

Еркін Дүйсенов: Конституцияда неке туралы норманы бекіту отбасы институтын қорғауды қамтамасыз етеді

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында егемендікті нығайту, тікелей демократия тетіктерін кеңейту және дәстүрлі құндылықтарды бекіту мақсатында Ата заңның бірқатар ережелерін қайта қарау бастамасы талқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Еркін Дүйсенов, Конституция мәтінінде мемлекеттік құрылыстың қазіргі заманғы міндеттерін ескере отырып, Ата заңның ережелерін жүйелі түрде қайта қарауды талап ететін терминологиялық жаңсақтықтар мен  мен стилистикалық бұрмаланулар бар екенін атап өтті.

Конституцияның 3-бабы 1-тармағының жаңа нұсқасын бекітуді ұсына отырып, «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі — халық», - деп атап өтті Дүйсенов.

Оның пікірінше, мұндай редакция халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелеріне сәйкес келеді және бірқатар демократиялық елдегі халық егемендігін бекіту тәжірибесін көрсетеді.

Ол Швейцария, Ирландия және Италияның тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, «Жалпыхалықтық референдум азаматтардың тікелей ерік білдіруінің ең жоғарғы нысаны және саяси жүйеге деген сенімді  нығайту тәсілі болуы керек», - деп атап өтті.

Сонымен қатар Дүйсенов өзінің жарияланымдары мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселесін талай рет көтеріп, Конституцияның 27-бабының ер мен әйелдің одағы ретіндегі неке туралы тұжырымын нақтылауды ұсынды.  

Сондай-ақ спикер Конституцияда некедегі ер мен әйел арасындағы норманы бекіту отбасы институты мен ұлттық бірегейлікті қорғауды қамтамасыз ететінін түсіндірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства встретился с официальными лицами ЕС и Европейского инвестиционного банка*
  • “Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті*
  • *В присутствии Главы государства Касым-Жомарта Токаева, Президента Европейского Совета Антониу Кошты
  • *Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық
  • Сводка официальных опровержений за период с 11 по 20 июня 2026 года.