Қонаевта дәрігерлер мен тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

571bb1c1-ca21-4573-8d56-4d158bc10eee.jpg

    Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында «AMANAT» партиясы мен Алматы облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Қабылдауға 20-ға жуық азамат жүгініп, өз құқықтарына қатысты сұрақтарына жауап алды.

     «Кейде науқастар өз құқықтарын білмегендіктен, қажетті ем-домды алу барысында қиындықтарға тап болады. Мысалы, тегін медициналық көмек алу, әлеуметтік төлемдер немесе сақтандыру мәселелерін көпшілік түсіне бермейді. Бүгін заңгерлерден осы сұрақтарға нақты жауап алып, өзімізге қажетті ақпаратты білдік», – дейді қабылдауға келген тұрғын Айдана Қалдыбаева.

     Қабылдауда заңгерлер еңбек даулары, тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер және медициналық құқықтар бойынша кеңес беріп, азаматтардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Әрбір өтініш жеке қаралып, құқықтық тұрғыдан шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтарын қалай қорғау керектігі және қандай мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екені түсіндірілді.

     «Өткен жылы біз 57 қабылдау өткізіп, 290-нан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсеттік. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі еңбек даулары, алимент өндіру, тұрғын үйге қатысты заңдық кеңес сұрап жүгінді. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді, себебі азаматтар өз құқықтарын қорғауға көбірек көңіл бөле бастады», – деді партияның облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкері Әсем Жоламанова.

     Айта кету керек, бұл бастама халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, заңдық сауатын арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите