АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб медицина қызметкерлерімен кездесті

    0de8920b-f0ea-4e6b-ac1d-52573e74953f.jpg

Балқаш аудандық орталық ауруханасында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың дәрігерлермен кездесуі өтті. Штаб мүшелері атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін түсіндіріп, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында АЭС салудың экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі және экологиялық қауіпсіздігі жайлы кеңінен талқыланды.

78b3f528-e846-42da-96d1-bc4f1de1d439.jpg

  «Атом электр станциялары – бұл елдің болашағы үшін маңызды қадам. Бұл станциялар Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Еліміздегі уран қоры мол болғандықтан, біз өз ресурстарымызды тиімді пайдаланып, сыртқы нарыққа тәуелділікті азайта аламыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Марат Ноғайбай.


Еңбек ұжымының өкілдері атом электр станцияларының заманауи технологияларының қауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат алып, АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасын бағалады. Штаб өкілдері атом электр станцияларының көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі рөлі мен олардың энергетикалық тиімділігін ерекше атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕТЕРАНАМ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ ВЫПЛАЧЕНО ПО 5 МИЛЛИОНОВ (СВЫШЕ 10 ТЫС Д
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МИЛЛИОН (10 МЫҢ ДОЛЛАРДАН АСТАМ) ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНДІ
  • Касым-Жомарт Токаев поздравил офицеров и солдат, а также участников церемонии с Днем защитника Отече
  • Касым-Жомарт Токаев поздравил офицеров и солдат, а также участников церемонии с Днем защитника Отече
  • Жол қауіпсіздігі күшейтілді. ОПМ нәтижелері: