Алматы облысында 1700-ден астам жас әскерге шақырылады

    c3a0893b-6a41-4e27-8b34-ca00dd6d9978.jpg

    Бұл туралы Алматы облысының Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары полковник Дулат Акишев пен Қонаев қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамиля Бұхарбаева баспасөз мәслихатында хабарлады.

    Полковник Дулат Акишевтің мәлімдеуінше, ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айында басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. 

Осы кезеңде Алматы облысынан 18-27 жас аралығындағы 1 771 жас сарбаз мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың 850-ден астамы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет етсе, қалған 921 азамат Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдерінде қызмет атқарады.

    Әскер жасындағы ер азаматтарға дербес шақыру қағаздары жолданады. Құжат SMS-хабарламалар арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығынан жіберіліп, жеке шақыртулар олардың мекенжайларына жеткізіледі.

    Шақырылу процесі жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Азаматтардың істі болмауы, денсаулығының жарамдылығы, психологтың ұсынысы және кәсіби білімі ескеріледі.

    Биылғы жылдың жаңалығы – әскери қызметшілерге арналған несиелік демалыс мүмкіндігі. Әскери қызмет барысында және одан кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 1 млрд 828 млн теңге көлемінде несиелік демалысқа ие болып отыр.

    Қызметін аяқтаған сарбаздарға білім беру саласында да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. 

«Олар жоғары оқу орындарына түсуге басымдыққа ие болып, жатақханадан орын алуға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда 1,5 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін оқуға қабылданып, тағы 700-ден астамы ақылы негізде оқуға түсті», – деп қосты полковник Акишев.

    Сонымен қатар, көктемде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыруда, – деп қорытындылады спикер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году