«Қыз - өмірдің гүлі» деге-німізбен қазақта қыздың өмірдегі ролі өте үлкен. Ол - ұзатылса алысты жақын-дататын, жауласқан екі елді татуластыратын, ата-енесін құр-меттіп, түскен жерінде береке, бірлік бастауы болатын от анасы, адал жар, ақ жаулықты дана ана.
Қыз баланы қазақта кіш-кентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әр-бір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» демекші, қазіргі қыздарымызды ата-баба дәстүрін ұстанатын нағыз қазақ қызы етіп тәрбиелеу – біздің қазіргі аналарымыздың басты мақсаты болу керек деп ойлаймын. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс. Қызды «жат- жұрттық» деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. «Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде ше-шесі үйретпепті демесін» деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіріп, үкілеп өсіріп, «ұят болады» деген сөзді санасына ұялатып, қазақ болмысын бойына сіңіріп өсіруіміз қажет, өйткені әр ана өзінің бойына ұясынан жиған рухани болмысын аналық ақ сүті арқылы баласына – болашақ ұрпағымызға сіңіреді.
Қазіргі жас аналарымыз қазір бұрынғыдай емес, салты-мызға, дәстүрімізге жақсы бет бұруда. Қазір қазақы шапандарды көптеп киетін болды жастар. Десек те, сыртын ғана ұлттық шүберекке орап қана қоймай, ішкі рухани дүниелерін де байыта түскені баршамыз үшін абзал. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бас-тау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол - үйдегі ата-ананың көз қуанышы ғана емес, мектепте қазақ дәстүрын жақсы білетін, білімді, инабатты оқушы, ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Балалардың ұлтжандылығы мектеп қа-бырғасында өте жақсы қалып-тасады. Сондықтан біз, мәдениет қызметкерлері, салт-дәстүр танымдылығы бойынша мектеп ұстаздарымен бірлескен шараларды көптеп өткізуіміз қажет.
Ұлтымыз қазақ деп ұран-дағанда сол ұлтымыздың діні, тілі, тарихы, мәдениеті, салт-санасы ойымызға оралады. Ұлттың тыныс-тіршілігі де осы баланы бесіктен бастап дұрыс тәлім-тәрбие беріп, салтымызды, тарихымызды жақсы сіңіріп, түзу жолға қоюдан анық байқалады.
Сондықтан да, ұлт бо-лашағын тәрбиелейтін қыз-дарымыздың тәрбиесіне әрқай-сымыз үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Біздің Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінде «Эстрада», «Вокал», «Шығармашылық», «Көркемсөз өнер шеберлігі» сияқты үйірмелермен бірге «Салт-дәстүр - қазынам» атты үйірме жұмыс жасауда.
Жастарымызды осы үйірме-ге қатысуға шақырамын, қазір мектеп оқушылары бос кезде осы үйірмеге келіп, салт-дәстүрімізді тереңдеп біліп, әжелерімізден құрақ құрау, жүн түту, кесте тоқу, табаға нан жабу т.б. сияқты қыз балаға қажетті дүниелерді үйренсе, арнайы үйірме жетекшісінен салт-дәстүрімізді жан-жақты біле түседі. Бұл мектептегі алып жатқан тәрбиеге қоса қыздарымыздың мәдени құн-дылықтарын байыта түсуге септігін тигізеді.
Ұлт тәрбиесінде ұлтжанды, иманды,саналы ұрпақ өсіру үшін ұлттық құндылықтар арқылы қыз балаға тәрбие берудің маңызы зор. Тарихын, салт дәстүрін, ұлттық құндылықтарын біліп, бойына сіңіріп өскен қыз бала кейін ана болғанда ұрпағын рухани мықты, ұлтжанды етіп тәрбиелейді.Ұлтымыздың тарих сахнасынан мәңгі жоғалмауы үшін салтымызды ұстанып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа дұрыс жеткізе білейік, ағайын!
Бақытгүл ҚАЙЫПБАЕВА, Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің директоры.