ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ШЫНАЙЫ СҮЙГЕН АЗАМАТ

a2f2d040-78a0-4050-b9d5-922287dbc3ff.jpg

Өз мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, адал азаматтар адал еңбек етіп, адал табыстарға жетеді. Хәм сүйікті мамандығы бойынша халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, ел-жұртқа кеңінен  танылады.

Қоғамға ең қажетті ма-мандықтың бірі - мал дәрігері. Өйткені мал дәрігері жан-жануарлардың ауруларын ем-дейді. Төрт түлік түрлерінен таралатын әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасап, олардан алынатын ет, сүт және тағы басқа өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жар-амды не жарамсыз екенін анық-тап береді.   Яғни «Медицина – адамды емдесе, ветеринария – адамзатты емдейді» деген тәмсіл тектен-тек айтылмаса керек-ті.


Сондықтанда мал өсіру-мен тұрақты айналысатын шаруашылық иелері мал дәрігерлерімен тығыз байланыста болып, көктемгі және күзгі мал емдеу  жұмыстарының нәтиже-лі болуын қамтамасыз етеді.

Жыл он екі ай бойы тоқ-таусыз жұмыс жасауды қажет ететін мамандық иесінің бірі - Сабыржан Ноғайбаев.

Жауапкершілігі жоғары әрі жұмысы күрделі мамандықты таңдап, осы салада ұзақ жылдар еселі еңбек етіп жүрген әңгіме кейіпкері - 1963 жылы Көкжиде ауылында дүниеге келген. Ол өзінің алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Ақкөл совхозының N 2 фермасында жәй жұмысшы болып бастаған. 1981-1983 жылдар арасында Отан ал-дындағы азаматтық борышын өтеп, 1984 жылы Талдықорған қаласындағы Зоотехникалық - мал дәрігерлік техникумына оқуға түсіп, аталмыш оқу орынынан 1987 жылы мал дәрігері мамандығын алып шыққан. 

Сүйікті мамандығы бойынша білім алған Сабыржан Ноғайбаев Ақкөл совхозының N2 фермасында мал дәрігері болып жұмысқа орналасқан. Ал 1991-1995 жылдары  осы ферманың меңгерушісі болса, 1995 жылдан 2014 жылға дейін мал дәрігері болып жұмыс жасаған. 2014-2019 жылдар аралығында Ақжар ауылдық округіндегі Ветеринария пунктінің меңгерушісі болса, 2019-2020 жылдары Ақкөл ауылдық округіне қарасты ветеринарлық пунктінің меңге-рушісі қызметін атқарып келді.

2020 жылы Ақкөл ауыл-дық округі әкімі болып тағайындалды. Араға бір жыл уақыт салып яғни 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақкөл ауылдық округінің ветеринария пунктінде мал дәрігері қызметін атқарып келеді.

 Бала жасынан мал бағуды, арғымақ баптауды жаны сүйіп өскен жұмысшы мамандық иесінің еңбек жолдары өзінен кейінгі жастарға үлгі - өнеге. 

 Сабыржан Ноғайбаевтың ел-жұртына сіңірген еселі ең-бектері ескерусіз қалмады. Олай дейтініміз өзінің жемісті еңбек жолында көптеген құр-метке бөленіп, халыққа сіңірген еңбегіне қарай ел алдында мәртебесі асқақтап, марапатталып, ауданның Құрметті азаматы атанды. Бұл аграрлы өңірімізге еселі еңбегі сіңірген азаматтарға берілетін жоғары мәртебе.

 Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған, адал еңбекпен адал табыстарға жеткен жұ-мысшы мамандық иесі 2024 жылы «Қазақстанның Алтын кітабына» енгізіліп және оған арнайы төсбелгісі табысталды. Сондай – ақ  «Қазақстан мәслихаттарының 30 жыл мерекелік медалімен», және «Еңбек ардагері», 2025 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 Ветеринария саласының негізгі қызметі — аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Оны диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде ветеринария мамандары аудан тұрғындарының өсіріп отырған төрт түлік түрлеріне аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналарды салу, қан алу жұмыстарын тегін көрсетеді.

Өз ісінің хас шебері атанған Сабыржан аға зейнеткерлік жасқа да жақын қалды. Ол кісінің жүрегі мейірімге толы, достыққа адал, ортаға сыйлы, отбасында өнегелі отағасы. Аграрлы өңіріміздің негізгі саласы - мал шаруашылығы болғандықтан Сабыржан ағамыз сынды мал дәрігерлерінің қызметі қашанда жоғары бағаланады.

             Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұрғын ұйдің қолжетімділігі
  • Доступность жилья
  • шетелге сапарлар
  • Путешествия за рубеж
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ШЫНАЙЫ СҮЙГЕН АЗАМАТ