Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

1.JPG

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған,  білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып  бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.

Қызмет бағыты

Ішкі саясат


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Конаеве подвели итоги третьего этапа конкурса «Чистый двор»
  • Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды
  • Мәскеу кешеден бері «қазақ» деп сөйлеп тұрғандай
  • Алматы облысындағы елді мекеннің 95 пайызына кең жолақты интернет қол жетімді
  • Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді