5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды
31 мамырда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты шара өтеді. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру.
Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:
Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;
Қазақ күресінен ашық жаттығу;
Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;
Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.
Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы.
Басталуы: 17:00
Мекен-жайы: Бәйтерек монументінің жанындағы алаң (Достық көшесі жағынан)
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын
дайындау және өткізу Дирекциясының
баспасөз қызметі.
Назым Рысбетова
8 701 208 18 11