29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Нарбаев Галым Рахимович, Бақанас ауылында туып-өстім. Жоғары білімдімін, мамандығым – жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру.

Еңбек жолымды 1996 жылы «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің маманы лауазымында қызмет істедім. Мекеме Балқаш ауданы, Бақанас ауылында орналасқан.  1998-2009 жылдар аралығында бас маман болып ауданның жер қатынастары саласында қызмет атқардым, 2009 жылдан бастап Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімін басшы қызметін атқарамын. Отбасылымын 5 бала тәрбиелеп отырмын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

1.      ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы Бақанас ауылындағы Сарыбаев, Жабаев, Байымбетов, Малтабаров, Қонаев, Құтпанбетов, Бокин, Бижанов, Өмірзақов, Оқсікбаев, Алтынсарин және Әбілдаев көшелеріне жөндеу жүргізуге, жол белгілерін орнатуға және жол таңбаларын салуға қол жеткізу.

2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Округ елді мекендерін сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге және жаңартуға, көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге қол жеткізу.Атап айтқанда, Бақанас ауылының Самал ықшам ауданында, Қонаев, Байғуатов көшелерінде ауызсу құбыры желісін салуға және Байшиков, Өксікбаев, Малтабаров, Байымбетов көшелеріне көше жарығын жүргізуге ықпал ететін боламын.                    

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Округ тұрғындарының бағдарламаға қатысуына қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Шаруаларға жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу: «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша 3–6 пайыздық несиелер, кооперативтерге 7 жылға дейінгі несиелер, көктемгі егіс жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1 жылға 5 пайыздық несие, «Даму» қорының қолдау шаралары, сондай-ақ 7 жылға 5 пайыздық техника лизингі. Жайылымдық және егістік жерлерді әділ әрі ашық бөлуге, пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл тұрғындарының игілігіне қайтаруға қол жеткізу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. Округтегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Бақанас ауылын қоса алғанда, аудан елді мекендерінде ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға, заманауи оптикалық талшықты интернет желісін жүргізуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерді цифрландыруға және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге атсалысу.

10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

Бақанас ауылындағы кинотеатрға күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Бақанас ауылы мен округтің елді мекендерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауыл инфрақұрылымы:

Ауылдық елді мекендердегі жол, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.

Елді мекендердегі көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту мәселелерін көтеру.

Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру және көркейту жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысу.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жөнделуі мен жаңғыртылуына, олардың тұрғындар үшін қолжетімді болуына ықпал ету.

Білім беру, балалар және жастар саясаты:

Ауыл мектептері мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету.

Жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.

Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына, спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыруға қолдау көрсету.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-рухани және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселесін көтеру.

Жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастыру.

Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы