Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

lh.png

Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан бірегей биоалуантүрлілігімен 

ерекшеленетінін айтты.


– Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы 

жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш 

рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде

 Ата заңымызда бекітілді. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. 

Бұдан бөлек, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды 

мақсаттарының бірі ретінде белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне

 сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым 

экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін 

жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады, – деді Президент.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
  • Глава государства провел встречу с Президентом Израиля Ицхаком Герцогом
  • Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі
  • Касым-Жомарт Токаев выступил на Саммите лидеров по сохранению биоразнообразия COP17
  • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді