Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

31.png

Қазақстанда Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest акцияларын қамтитын жалпыұлттық мерекелік 

жеңілдіктер науқаны басталды. Оған 17 қазаннан еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Republic Day акциясы ірі 

сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендерінде өтсе, Bereke Fest сауда желілерін қамтиды.


Тұтынушылар үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы бағалар қойылған. Мерекелік ұсыныстар 

27 қазанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. 

Жалпы жеңілдік мөлшері тауар ассортименті мен акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты.


Republic Day акциясы аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынады. Олардың қатарында 

Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park пен Forum Almaty, сондай-ақ

 Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар.


Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қосылды. Олардың қатарында Magnum, SMALL, «Астықжан»

 және GraMad бар. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда нысандарында да қолжетімді.


Бұл акциялар тұтынушылардың белсенділігін арттырып, ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Сондай-ақ мерекелік науқан 

тауарларды төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігімен қатар, сауда ұйымдарына келушілер санын мен сату көлемін 

арттыруға, ал отандық өндірушілерге бөлшек сауда желілеріндегі өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Жалпыұлттық науқанды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен

 бірлесіп ұйымдастырды. Акцияға қатысушы сауда нысандарының мекенжайлары көрсетілген толық тізімі әкімдіктердің 

ресми интернет-ресурстарында көрсетілген. Жеңілдіктер мөлшері, тауар ассортименті және сатып алу шарттары туралы 

ақпаратты сауда ұйымдары жариялайды.


Мерекелік акциялар 2026 жылғы 27 қазанда аяқталады.


ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
  • Глава государства провел встречу с Президентом Израиля Ицхаком Герцогом
  • Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі
  • Касым-Жомарт Токаев выступил на Саммите лидеров по сохранению биоразнообразия COP17
  • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді