АКЦИЯ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

дл.png

51.png

Республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан  «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы өз жалғасын тауып келеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан бұл ауқымды іс-шара экологиялық  жағдайды жақсартуға және аймақты көгалдандыруға бағытталған.

Ауылдарды көріктендіру мақсатында осы аптаның сәрсенбісі және жұма күндері Балқаш ауданының барлық ауылдық округтерде арнайы сенбіліктер ұйымдастырылып ауыл көшелері, ауылдың сыртқы келбеті, өзен -  көлдердің жағалаулары қоқыстын тазартылды.

Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілікке атсалысқан аудандық мекенме-ұйым қызметкерлері Бақанас ауылының орталық көшелерін және ауылдың сырттқы келбетін қоқыстан тазалып шықты.

Апта сайын ұйымдастырылатын іс-шараның негізгі мақсаты ауыл аумағын күл-қосыстан тазарту, ауыл көшелерін көгалдандыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады.

Ендеше құрметті аудан тұрғындары. Туып-өскен ауылымызды көріктендіріп, ластанған жерлерді бірге тазалап, сол тазаланған жерлердің қайта ластанбауына бірге атсалысайық.

                                       Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите