

Бірлігі мен татулығы жарасып, қойнауы құт – берекеге, ырыс – ынтымаққа толы аудан жұрытшылығы «1 маммыр Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесін аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан – татулықтың мекені» тақырыбында жоғары деңгейде атап өтті.
Мерепкелік шарада құрметпен сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов: «Бұл мереке – татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен достықтың жарқынсимволы. Еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымағы мен бірлігі – Тәуелсіз қазақстанның басты байлығы. Ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз» деп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табуға тиіс. Бұл – мызғымас әрі берік қағидаттар. Мемлекеттік саясаттың басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік» деген сөзін негізге алып, тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі жарасып, еліміздің балашағы баянды, іргесі берік болсын деген ақ тілегін білдірді.
Аудан басшысы өзінің құттықтау тілегінен кейін өңіріміздің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар аудан азаматарын марапаттады.
Марпаттаудан кейін аудандық мекеме-ұйым қызметкерлерінің қатысуымен аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындалған мереклек концертке кезек берілді.
Сахна төрінде сан түрлі ұлтық киімдер киіп, этос өкілдерінің өнерін көрсесіп, әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеп мерекелік кештің көрігін қыздырды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік кеш көпшілктің көңілінен орын тапты десек болады. Өткені әрбір орындалан әнге, нақышына келтіре билеген биге көрермендер тарапына қошемет еселеніп жатты.
Дана халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмас» деген қататты сөз бар. Ел бірлігі ең асыл қазына. Біздің жеткен жетістігіміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде. Досына – пейілін, ұрпағына тілегін, қонағына – төрін ұсынған қазақ халқы бірлік пен татулықтың қадірін жақсы біледі. Олай дейтініміз кешегі тар жол тайғық кешу заманында әлсізге медет, тарыққавнға демеу, ұлысқа ұран борлған ел. Татулығымыз жарасып, жылда осылай бірлік мерекесі салтанат құра берсін!
Бақтығали ДӘУІТБАПЙ, «Балқаш өңірі».


