«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ


image.png

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында  «Заң мен тәртіп» қағидатына  баса назар аударып, «Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс» деген болатын.

Сондықтанда мемлекетімізде заң мен тәртіптің сақтауы үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында заң бұзушылықтың орын алған жағдайда қолданылатын әректтерді түсіндіру жұмыстары жүйелі атқарылып келеді.

Осы аптаның сейсенбісі күні мен тәртіп» жастар форумы болып өтті. аудандық Мәдениет үйінде «Заң  мен тәртіп»  жастар форумы болып өтті.

Аталмыш іс шараға аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов, «AMANAT» Партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы  Әділет  Айтқазы,  Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, полиция подполковнигі  Алтын Темірғалиева, Алматы облысы психикалық денсаулық орталығының психологиялық зертханасының меңгерушісі  Мөлдір Әміртай және Алматы облысы  полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлібек Керим  арнайы қатысты. 

«Заң мен тәртіп» жастар форумы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының жас прокурорлар клубының «Заң керуені» тақырыбында сынып сағатымен басталды. Ол жерде жас прокурорлар ертегілер әлеміндегі кейіпкерлердің заң бұзушылық әрекеттерін негізге алып, шынайы өмірмен ұштастырып, әділдіктік қашанда мерейі үстем болатыны қойылым арқылы жеткізді. 

Мұнан соң «Нашақорлыққа қарсы» арнайы бейнеролик көрсетілімі. 

 Іс-шара барысында құрметті аудан әкімінің орынбасары Данияр Болатұлы бастаған құрметті қонақтар кезекпен сөз алып, форумға қатысып отырған жасөспірімдерге Заң мен Тәртіптің маңыздылығын түсіндіріп, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттері жайында баяндамаларын жасап, тәртіпке бағыну — мәжбүрлік емес, саналы таңдау екенін және әрбір азаматтың бойына заңды сыйлауға,  заң талаптарын бұлжытпай орындауға құлшыныс болуы керектігін айтты. 

Сонымен қатар жастарға Заң бұзушылық орын алған жағдайда қандай әрекеттер жасау керек?, қандай жағдайда заң бұзылуы мүмкін?-  деген сұрақтар қойып, сұрақ –жауапқа атсалысқан оқушыларға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталып, кинолыгтар сахналық қойылым арқылы нашақорды іздеу, қылмыскерді құрықтау әрекетерінен көріністер көрсетті.

«Заң мен тәртіп» жастар форумында жсаөспірімдерге қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің мызғымас болуына тікелей байланысты екені түсіндіріліп, ашық пікір алмасты. 

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Акция аясында…
  • Поздравление главы государства
  • Президент Саид Мухаммед әл-Арикиді қабылдады
  • БІРЛІК АУЫЛЫНДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ПАРК АШЫЛДЫ
  • АКЦИЯ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА