Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

image.png

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен

 ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты. 

Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитетінің отырысында 

қабылданған еді.


✔️Мемлекет басшысының айтуынша, тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ 

дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие. Ит – қазақ халқының 

дүниетанымында жеті қазынаның бірі саналады. 


✔️Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға 

жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды. 


✔️Бұдан бөлек, көп ұзамай Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-

кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ. 


✔️Халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу мақсатында биылдан бастап 3 қыркүйекте Қазақы тазы мен төбет күні аталып

 өтеді.


✔️Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына 

ризашылығын білдірді. 


✔️Сонымен қатар Президентке әлемнің 100 елін біріктіретін FCI қызметі туралы мәлімет берді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальное заявление партии «Адилет”
  • “Заң мен тәртіп”
  • ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ
  • Храбрая дочь казахского народа: 101 год со дня рождения Алии Молдагуловой
  • Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл