
Осы аптаның сейсенбісі күні Бірлік ауылының тұрғындары шексіз қуанышқа бөленді. Олай дейтініміз ауыл тұрғындарының көптен күткен саябақтың құрылыс жұмысы аяқталып, халық игілігіне берілді.
Ауыл ажарын көріктендіріп тұрған жаңа саябақтың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов алдымен жиналған көпшілікті қуанышты сәттерімен құттықтап, ауыл тұрғындарының бос уақыттарын көңілді өткізуге салынға саябақтың осындай әдемі қалпында тұруы ауыл тұрғындарына тікелей байланысты екенін айтып, аудан көлемінде осындай демалыс орындарының салынып жатқаны Тәуелсіңз мемлекетіміздің толағай жетістіктері екеніне баса тоқталды.
Келесі болып сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев пен Алматы облысы және ауданның Құрметті азаматы Әбдіжаппар Қстаубаев «Ауыл ажары - азамат абыройы» деген қатты негізге алып, жаңадан ашылған саябақтың көгалданып тұруына ауыл тұрғындары бір кісідей атсалыстындарын айтып, саябақ ішіндегі балаларға арналған ойын алаңдарының және жастардың спортпен шұғылдануға қолайлы құрылғылардың бәрі заманауи тұрғыда орнатылғанын атап өтті. Ал ауыл тұрғындар атынан сөз алған Каркен Анипин өзінің жүрекжарды тілеген білдіріп, ақ батасын берді.
Салтанатты шарада дәстүрлі әнші Жармедет Тұрғали домбыраның қос ішегімен үндесіп, жыр арнаса, Бірлік орта мектебінің оқушылары би билеп, күй шертіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар ауылдың гиміне айналған «Бірліктің жігіттері» әнін, ән авторы, әуесқой сазгер Асхан Маткримов ауылдық Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Төлеген Мәдиевпен бірге орындап, мерекелк кештің көрігін онан әрмен қыздыра түсті.
Мұнан соң жаңа саябақтың лентасы салтанатты түрде кесіліп, жиналған көпшілік саябақ ішін аралап, ол жерде орналасқан ойын алаңдарын тамашалап, спорттық құралдарды көріп, қуаныштарын жасыра алмай, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Ел игілігі үшін жасалынған дүние көпшіліктің көңілінен шықты. Іші кірсе шыққысыз жаңа саябақтың ішінден сан алуан әткеншектермен спорттық дүниелер орнатылған алаңдарда адам аяқына жайлы рәзінке төселген. Сондай-ақ демалып отыруға арналған ұзын орындықтар мен түңгі жарық бағаналарда қос-қостан шам орнатылған.
Бұл жерде алдағы уақытта сан түрлі гүлдер мен көкмайса шөптер өсіп, ағаш көшеттері жайқалып, ажарлы ауылды онан әрмен көрікті етіп тұрары хақ. Гүл жайнаған саябақта бір баласын енді бірі немересін жетектеп, серуен құрып жүрсе, ауыл жастары өзара сырласып, мәдениет орында бос уақыттарын тыйымды өткізеді.
Берекелі бірлігі жарасқан ауылдың болашағы да баянды болады емеспе.
Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».


