ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

9.JPG


Табиғатты өрттен қорғау, дала өрттерінің алдын алу, өрт болған жағдайда  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Балқаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Бақанас, Күрті орман шаруашылығы, “Іле-Балқаш” мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

         Өрт-тактикалық жаттығудың негізгі мақсаты – шартты өрт жағдайында күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау, өртті сөндіру әдістерін жетілдіру, сондай-ақ жеке құрамның теориялық білімін тәжірибе де бекіту болып табылады.  

Оқу-жаттығу басталмас бұрын өрт болған жағдайда қолданылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығы тексерілді.

Іс-шара барысында өрттің шығу сценариі алдын ала дайындалып, нақты жағдайға барынша жақындатылып ұйымдастырылды. Қызметкерлер оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын ойдағыдай атқарып шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі, жедел қызметтер және басқа да тиісті мекемелер бірлесіп әрекет етіп, тылсым табиғатты қызыл жалынға ораған тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап үлгерді.

10.JPG

Өртке қарсы мекемелердің айтуынша мұндай жаттығулардың маңызы зор. Себебі олар төтенше жағдай кезінде уақытты үнемдеуге, дұрыс шешім қабылдауға және адам шығынын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қызметкерлердің психологиялық төзімділігі мен жауапкершілігі артады.

Қорытындылай келе, өрт-тактикалық жаттығулар – төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын азайтудың тиімді құралы. Сондықтан мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды кепілі.

               

                                                            Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите