ҚОС КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

11.JPG

15-19 сәуір күндері аралығында Шонжы ауылында  2013-2014  және 2011-2012 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан облыстық чемпионат болып өтті.

 Облыстық чемпионатта бақ сынаған жерлестеріміз жүлдемен оралды. Тартысты өткен ойын барысында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2013-2014 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер командасы ақтық сайыста өнер көрсетіп, ІІ-ші орын иегері атанды. 

Сонымен қатар 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер командасы ерекше ойын өрнегін көрсетіп, ІІ-ші орынға табан тіреді.  

Чемпионаттың жабылу салтанатында жеңімпаз командалар арнайы дайындалған кубок, медаль және грамоталармен марапатталды

Марапаттау барысында жерлестеріміз Ертарғын Есімбеков пен Алмаз Нұржан «Үздік шабуылшы», Рамазан Шолпанбек «Үздік үйлестіруші» және «Үздік ойыншы» Жалғас Әжібаев номинация иегері атанды.

Қос команданың облыстық чемпионатта жүлдемен оралуларына еселі еңбек сіңірген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Қуанышбек Ысқақов пен Алмас Тоғанбаев.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала. Спортты дамыту, жас ұрпақты спортқа баулу – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Осы мақсатта ауданымыздың спорт саласы жылдан жылға дамып, жаңа жетістіктермен толығып, жастардың спортқа деген қызығушылықтары артып келеді.

Аудан абыройын облыстық, республикалық жарыстарда  асқақтатып жүрген спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болуына тілектес болайық, ағайын!

                                                  Өз тілшімізден.


 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2026 жылдың I тоқсанында Алматы облысында тұтынушыларға 13 млн теңге қайтарылды
  • ҚОС КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
  • БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
  • ЖАЙДАРМАН ЖАҢАЛЫҚ