ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕДІ

67.png

Конституцияда дамудаң арнайы құқықтық режимдері бекітіледі. Экономикалық және институционалдық дамудың арнайы құқықтық режимдерін Негізгі заң деңгейінде бекітілуі тиіс. Бұл норма елдің экономикалық саясатына жаңа серпін беріп, заманауи басқару құралдарын қолдануға құқықтық негіз қалыптастырады.
        
Ең маңыздысы жаңартылған Конституцияда Халықаралық қаржы орталығының және «жедел дамитын қалалар» режимінің қызмет етуіне құқықтық база жасалады.  Мұндай тәсіл бір жағынан инвестициялық тартымдылықты арттырса, екінші жағынан елдің біртұтас құқықтық кеңістігін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар арнайы режимдердің енгізілуі — құқықтық жүйеден бөлек шығу емес, керісінше, оның ішіндегі икемді құрал. Экономикалық белсенді аймақтарға қосымша реттеу тетіктерін беру жаңа технологияларды, капиталды және халықаралық тәжірибені тартуға жағдай жасайды. Әсіресе қаржы, инновация және урбанистика салаларында маңызды.

Сондай-ақ Конституция бірыңғай мемлекеттік құқықтық кеңістіктің сақталуын нақты бекітеді. Яғни арнайы режимдер елдің құқықтық тұтастығын бұзбайды, тек даму қарқынын жеделдететін ерекше тетіктер ретінде әрекет етеді.
       Бұл мемлекет үшін бұл – бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы. Өңірлер үшін – экономикалық өсу мүмкіндігі. Ал азаматтар үшін – жаңа жұмыс орындары мен заманауи инфрақұрылым.
            Ал арнайы құқықтық режимдерді конституциялық деңгейде бекіту елдің экономикалық жаңғыруын құқықтық тұрақтылықпен үйлестіретін теңгерімді модель қалыптастырады.


Нүрия Қапсаланова, зейнеткер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите