КОНСТИТУЦИЯ МЕМЛЕКЕТ БИЛІГІНІҢ БАСТАУЫ ХАЛЫҚ

гулз.png

Конституциялық реформаның жаңалықтарының бірі – «республикалық референдум» атауын «бүкілхалықтық референдум» деп өзгертілгендігі. Алғашқыда атаудағы өзгеріс формалды болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның құқықтық және саяси мәні әлдеқайда терең.
        Бұл жаңа атау референдумның негізгі субъектісін нақты айқындайды. Енді назар аумақтық сипатқа емес, тікелей халықтың ерік білдіруіне аударылады. Осы арқылы Конституция мемлекет билігінің бастауы халық екенін нақтылай түседі.

       Өзгерістер демократиялық легитимділікті күшейтеді. Қабылданатын шешімдердің мәні тек мемлекеттік рәсім ретінде емес, қоғамның тікелей таңдауымен байланысты болады. Яғни референдуммемлекеттік органның құралы емес, азаматтардың еркін білдіру институты ретінде айқындалады.
       
Сондай-ақ атаудың өзгеруі құқықтық мәдениетке де әсер етеді. Азаматтар референдумды тек саяси науқан емес, елдің тағдырына қатысты шешім қабылдаудың тікелей механизмі ретінде қабылдай бастайды. Бұл қоғамдық жауапкершілікті арттырады.
Мемлекет үшін бұл қадам биліктің қайнар көзі туралы конституциялық қағидатты нақтылауға бағытталған. Заңдар мен маңызды өзгерістердің негізінде халықтың еркі тұрғаны айқын көрсетіледі.
     
Осылайша «бүкілхалықтық референдум» ұғымының енгізілуідемократиялық институттарды мазмұндық тұрғыдан күшейтіп, азаматтардың мемлекет ісіне қатысуын жаңа деңгейге көтеретін құқықтық жаңалық болып табылады.


ГҮЛЗАТ СӘЛІМЖАНОВА, қоғамдық пікір көшбасшысы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования
  • ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам
  • 17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға
  • 17 апреля Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Реджепа Тайипа Эрдогана по
  • Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Анталию