


Шараға кітапханашылар, Б.Бейсекбаев, М.Сеңгірбаев және Бақанас мектеп-интернатының оқушылары, кітапхана оқырмандары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Шара шымылдығын ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сәлімжанова Гүлзат Мәметнұрқызы кітаптың рухани құндылығына тоқталып, шараға қатысушыларды айтулы мереке – Ұлттық кітап күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірсе, мерекеге орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен аудандық кітапхананың кітапханашысы Д.Жакупова таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына – кітаптың құндылығын паш ететін өлең-жырлар оқылып, түрлі зияткерлік ойындар ойнатылды. Әсем әндер шырқалып, адамзат баласының қолы жеткізген ұлы игілігі – кітапты ұлықтап, дәріптеп, қалың оқырманға насихаттауды мақсат тұтқан шара өз мәнінде өтті.


