
Референдум – құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды тетігі. Жауапты сәттерде халықтың тікелей пікір білдіруі мен еркін таңдау жасауы ерекше мәнге ие. Референдум – азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруының айқын көрінісі, құқықтық мемлекетті нығайтудың тиімді тетігі.
Құқықтық мемлекет қағидаттары заң үстемдігіне, әділдік пен ашықтыққа негізделеді. Бұл тұрғыда референдум институты халық пен билік арасындағы сенімді арттырып, мемлекеттік шешімдердің тиімділігін күшейтеді. Азаматтардың ел тағдырына қатысты мәселелерге тікелей қатысуы – демократиялық қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі.
Елімізде жүргізіліп жатқан бұл реформалар қоғамның жаңаруына, саяси жүйенің жетілдірілуіне бағытталған. Осындай өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі аса маңызды. Референдумға қатысу – бұл тек дауыс беру ғана емес, бұл – ел болашағына деген бейжай қарамайтын азаматтық ұстаным.
Соныман қатар Референдум – ел бірлігін нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған маңызды қадам. Бұл – халық үнінің естілуі, қоғам пікірімен санасу мәдениетінің қалыптасуы. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, заң аясында пікір білдіру арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алады.
Бірлік пен жауапкершілік – құқықтық мемлекеттің берік іргетасы. Сондықтан қоғам болып елдік мәселелерге сергек қарап, белсенділік таныту – уақыт талабы.
Мәди Тұрар, дәрігер.


