«АзартНЕТ» тақырыбында кездесу өтті.

7.png

55.png

Бүгін  аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Талғар ауданында, жергілікті жоғарғы

 медициналық колледжде,  Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «АзартНЕТ» 

тақырыбында прафилактикалық кездесу өтті. 


Шараға колледж студенттері белсенді қатысып, құмар ойындардың зияны туралы маңызды ақпарат 

алды.


Кездесу барысында Талғар ауданының прокуроры Байбесов Берік, Ювеналды полиция тобының 

учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Шарахунов Шадияр Шагзамұлы, сондай-ақ жастар 

ресурстық орталығының психолог маманы Қасымбаева Индира Мыркасымқызы құмар ойындарға 

тәуелділіктің құқықтық және психологиялық салдары жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.


Спикерлер тәуелділіктің негізгі белгілері, оның пайда болу себептері мен салдарына тоқталып, 

жастардың саналы таңдау жасап, жауапкершілікпен өмір сүруінің маңыздылығын атап өтті.


???? «Құмар ойын – уақыт пен өмірдің ұрлаушысы. Әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарауы 

тиіс», – деп атап өтті психолог Индира Қасымбаева.


???? Іс-шара аясында:

– ашық диалог және сұрақ-жауап сессиясы өтті;

– тақырыпқа сай әлеуметтік бейнероликтер мен ақпараттық материалдар ұсынылды;

– студенттер өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылауға қатысты.


???? Аталған кездесу жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, құмар ойындарға 

тәуелділіктің алдын алуға және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған 

маңызды профилактикалық шара болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Парламентте халықтың еркі неғұрлым нақты жеткізіледі
  • Конституция – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі
  • Бұл қадам азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтеді
  • Конституция қабылдау – жүйелі әрі стратегиялық шешім.
  • Адамды өмірінен айыру – ешқашан әділеттілікке жеткізбейді