ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

1066caf7-8b3c-493e-840a-b7a09c6b3c08.jpg

Жастарға қызмет көрсету және аудан жастарының қолға алған бастамаларына қолдау көрсету мақсатында осы аптаның бейсенбісі күні аудан орталығынан жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

78172b1c-91dc-4f57-84df-79f4f34c3496.jpg

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Алматы облысының мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдәулетов  арнайы қатысса, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме – ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, аудан жастары, ауыл тұрғындары жайдарман жаңалықтың куәсі болды.

Аудан орталығынан бой көтерген жаңа ғимараттың ашылуында   алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы Азат Үкітайұлы аудан орталығынан сәні мен салтанаты жарасқан ғимараттың бой көтеруіне  облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиевтың ық-пал еткенін айтып, аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп,  жастарға қызмет көрсету орталығының аудан  жастарының жаңа идеялары мен жобаларына бағыт - бағдар беретінін және олардың күш-жігерлерін біріктіріп,  түрлі мәселелері  бойынша көмек көрсетіліп, жастар қауымының бос уақыттарында бір мезет демалатын, әрі білімін жетілдіретін,  өзара пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын ортақ шаңырақ болатынын тілге тиек етіп, жиналған көпшілікке өзінің жүрекжарды тілегін арнап, құттықтады.

   Келесі болып сөз алған Алматы облысының мәслихат депутаты Сұлтан Нұрғайыпұлы, Тәуелсіз мемлекетімізде жастар қауымына жан – жақты жасалып жатқан жағдайлар жайында сөз бастап, аудан жастарының биік белестерді бағындыруларына тілектес екенін жеткізді. Ал аудан жастары атынан сөз алған Нұржігіт Кенжеұлы аудан жастарының шексіз қуанышын жеткізіп, облыс және аудан әкімдігіне ризашылығын білдірсе,  аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

    Ғимараттың лентасы салтанатты түрде кесілгеннен кейін Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев пен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Нұрпейіс құрметті қонақтарға аудан жастарына қызмет көрсететін орталықтың бөлмелерін аралатып, таныстырып шықты.

   Сәні мен сәулеті жарасқан ғимарат ішінде жастардың түрлі іс – шараларды өткізулеріне арналған конференция залы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жабдықталған спорт залы, сонымен қатар  интернет клуб тағы басқа бөлмелері заманауи құралдармен жабдықталған.

   Ертеңгі ел тізгіні - бүгінгі жастардың қолында. Олай болса әрдайым жастарға қолдау көрсетейік.            

                                       Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды
  • Правительство продолжит реализацию намеченных планов по стимулированию инвестиций и диверсификации
  • Алматы облысының дәрігерлері ағза трансплантациясының жай-күйін талқылады
  • Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм
  • Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет