Өткен аптаның сенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде геология – минералдар ғылымының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының академигі, халықаралық минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Америкалық және Европалық мұнайшы – геолог қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республиксының Әл – Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Құрмет», «Парасат» және І-ші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, жерлесіміз Герой Жолтайұлымен кездесу кеш болып өтті.
Мәдени шарада алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов өз сөзінде «Қазақ халқы өтке нін ұмытпаған, тарихын құрметтеген, тұлғаларын ұл ықтаған ұлы халық. Герой Жолтайұлы - Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына ора сан зор үлес қосты. Оның бастамасымен мұнай және газ құбырларын жобалау және пайдалану, мұнай және газ кен орындарының машина лары мен жабдықтары бой ынша жаңа мамандықтар ашылды және оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай көтерілді, факультет жанынан жоғары білікті мамандарды даяр лау курсы ұйымдастырылды. Республикалық ғылымды да мытуға сіңірген зор еңбек терінің бірі - жас геологтардың ғылыми мектебін құруы бол ды» деп ол кісінің атқарған еңбектеріне баса тоқталып өтті.
Сөз соңында аудан бас шысы Бақ дарыған Балқаш ауданы қашанда ел мен жерге еңбегі сіңген азаматтары мен ел ағаларымен мақтанатынын жеткізді. Бұдан соң Герой Жолтай ұлын сахна төріне шақырып, Азат Үкітайұлы мен аудандық «Балқаш Таза су» мекемесінің басшысы Бақытжан Хамзин иығына зерделі шапан жауып, аудан азаматтары атынан асты на ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Келесі болып сөз кезегін алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев Герой Жолтайұлының ел – жұртына сіңірген еңбектері жайында кеңінен әңгіме өрбі тіп, Балқаш топырағына шық қан дара перзентке аудан халқы атынан алғысын білдіріп, Ақкөл ауылының азаматтары атынан кеш қонағының иығына шапан жауып, ат мінгізді.
Мұнан соң Герой Жолтай ұлы сөз кезегін алып, өзінің ғылыми жұмыстарының же місті нәтижесінің арқасында әлемнің бірқатар болып, көптеген елдеріне қошемет, құрметке бөленгені жайында әңгімесін өрбітіп, ол өз сөзінде «Ғылымның атасы білім» деп қолына қалам ұстатып, оқуды үйреткен, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына мәң гілік қарыздар екенін және адам баласына өзінің туған - өскен қасиетті мекенінен артық жер болмайтынын айтып, өзіне көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білірді.
Сөз орайы келгенде құр метті қонақ өзінің мемлекет басшысының қабылдауында болғанын айтып, ол жерде бақ дарыған Балқаш топырағының жер асты қазынаға толы екенін, сол жер асты байлықтары ұзақ жылдар жүргізілген ғылыми жұмыстарында дәлелденгенін түсіндіріп, өңір тұрғындары жер асты байлықтарын емін - еркін пайдалану үшін жұмыс тар жасалса деген өтінішін жеткізген.
Мәдени кеште Ақкөл орта мектебінің оқушылары Герой Жолтайұлына өздерінің жүрекжарды өлең шумақтарын арнаса, аудандық Мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Гүлмира Қасабекова, Әлия Қайыпбай және сахна саңлағы Гүлшаһар Несіпбаева әннен шашу шашты. Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Тұрғали Жар медет құрметті қонаққа арнау жырын термелете шырқаса, он саусағынан өнер тамған күйші Сағыныш Исатай Қазанғаптың күйі «Көгіл» күйін күмбір қақтырса, аудандық «Балалар өнер мектебінің» оқытушылары Нұрдәулет Мейрамбек пен Айбол Жолдас «Алатаудай асқар лы» әнін нақышына келтіре орындап, көпшілікке шексіз қуаныш сыйлап, мәдени кештің көрігін қыздыра түсті. Дана халқымызда «Жақ сының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты сөз бар. Балқаш топырағынан шыққан асыл перзентке көр сетілген бұл құрмет әлі де жалғасын табатынына кәміл сенімдіміз. «Өз елі өз ерлерін ескер месе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?!», - деген екен жырдың құлагері Ілияс Жансүгіров.
Қазақ халқы қашанда елі үшін аянбай тер төккен тау тұлғалы азаматтарын шыңның басына шығармаса, шыңырауға түсірмеген елміз. Ал халқым деп қалтқысыз қызмет ет кен асыл азаматтардың ел – жұртына сіңірген еселі еңбегі мен төккен терін көрсету, оның тұлғалық болмысын айшықтап, сара жолындағы дара ізін ұрпаққа үлгі ету аға буынның ұрпақ алдындағы міндеті.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».