Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    dfe26d0d-ba31-4584-9912-79d78d241d11.jpg

    Алматы облысында бәсекелестікті арттыру үшін тауар нарықтарына ауқымды талдаулар жүргізілуде. Жыл басынан монополияға қарсы орган заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жоюға баса назар аударды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы баяндады.

    Жыл басынан 11 нарыққа талдау жасалып, мектепке дейінгі білім беру, интернет және байланыс қызметтері, сұйытылған мұнай газы сияқты салаларда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілер анықталды. Бұл шаралар нарықтық тәртіпті қалпына келтіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді.

    “Біздің мақсатымыз – әділ бәсекелестікті орнату. Үстем жағдайды теріс пайдаланатын субъектілерге қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бәсекелестік болмаса, тұтынушылар да, кәсіпкерлер де зардап шегеді”, – деп мәлімдеді Дәулет Қуатұлы.

    Сонымен қатар, департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге қатысты 6 өтінішті қарады. Оның 2-уі мақұлданып, 4 өтініш бәсекелестікті шектеу қаупіне байланысты қабылданбады.

    Айта кетерлігі, «Алтын Орда» көтерме базарына қатысты 123 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленіп, айыппұлдар салынды. Бұл аймақтық нарықтағы ең ірі бұзушылықтардың бірі болды.

Алдағы уақытта да Алматы облысының бәсекелестік нарығын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Нарықтағы заңсыздықтарды жою жұмыстары жалғаса береді, деп қорытындылады спикер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Читающая нация: в Алматинской области планируется увеличить число читателей до 100 тысяч человек
  • Кітап оқитын ұлт: Алматы облысындағы оқырман санын 100 мыңға жеткізу жоспарлануда