Ауған соғысының қасіреті ұмытылмайды!


7de038ee-e61c-4439-9696-820f7cde4a40.jpg

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 34 жыл толуына орай аудандық  кітапхана мен аудандық Мәдениет үйінің бірігіп  ұйымдастыруымен 14-ші ақпан күні «Ауған  соғысының  қасіреті  ұмытылмайды!» атты тақырыпта  интернационалист-жауынгерлермен кездесу кеш  өткізілді.

Аталмыш кешке Ауған соғысы ардагерлері, аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас  маманы  Г.Сәлімжанова,  ауданның  Құрметті  азаматы,  Ресейдің  бірнеше медальдарының  иегері, еңбек  ардагері  М.Қожабеков, аудандық қорғаныс бөлімінің азаматтық өкілі Б.Қалдыбеков, аға лейтенант А.Сайлауханов,  Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің және Бақанас мектеп-интер-натының ұстаздары мен оқу-шылары, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері қатысты.

Шара шымылдығы  Ауған соғысында қаза тапқан жауын-герлердің рухына 1 сәттік үнсіздікпен тағзым етумен түріліп, аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас  маманы  Г.Сәлімжанованың  құттықтау тілегіне ұласты. Батылдық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Ауған соғысы ардагерлері-қаһарман жерлестеріміз рухты әңгімелерімен,  естеліктерімен  бөліссе, ауданның  Құрметті  азаматы,  Біріккен  Араб  мемлекеті  мен  Израиль  арасындағы  соғысқа  байланысты  су  асты  мен  құрғақтағы  бірнеше  соғыс  іс-қимылдарына  қатысқан, Ресейдің  бірнеше медальдарының  ие-гері Мұқанғали Қожабеков Ауған соғысы ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Балқаш ауданының Құрметті азаматы, Ауғанстандағы соғыс қи-мылдарында көрсеткен ерліктері үшін «Жауынгер-интернационалист» медалінің иегері   Мейрамбек Қантбеков отты жылдар жайында естеліктерімен бөлісіп, жас оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Мәдени шара барысында Қонаев  қаласында  орналасқан  Алматы  облысы  бойынша Варшава  келісімі  орталық  әскери  тобының  Ардагерлер  қоғамдық  бірлестігі төрағасының орынбасары Арыстанбаев  Ермек  және  қоғамдық  бірлестік  мүшесі Үркімбаев  Садық  аудандық Ауған  соғысы  ардагерлерін  Алғыс хатпен  марапаттап, аудан-дық Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Дәуітбаев Бақтыбек пен Ауған соғысының ардагері Шалғынбаев Маратқа  төсбелгілерді  табыстады.

Мектеп оқушыларының Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлең-жырлары оқылып, олардың құрметіне дайындалған слайд-шолу көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Кеш соңы аудан өнерпаздары Г.Қасабекова, Қ.Бекенова, Е.Қошаханның ор-ындауларындағы әсем  әндермен әрленді.

 

Қаракөз ЖҰМАДІЛОВА,  Балқаш аудандық кітапхананың кітапханашысы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі