Өткен аптада Қонаев қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған облыстық «Педагогикалық дебют» байқауы болып өтті.
Аталмыш білім сайысына Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мәдина Мұрат қатысып, 17 үміткерлер арасында өз білімін дәлелдеп, байқаудың І-ші орын иегері атанып, аудан абыройын асқақтатты.
Облыс орталығында өткен білім сайысынан жүлдемен оралған Мәдина жайында қыс-қаша айта болсақ, ол Үлгілі орта мектебінің 2017 жылғы түлегі. Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, 2022-2023 оқу жылынан бастап өзінің сүйікті мамандығы бойынша ұстаздық жолда еңбек етіп келеді. Бұл Мәдинаның ұстаз болып еңбек ете бастаған аз уақыт ішінде қол жеткізген алғашқы жеңісі.
Шәкiрттерiнің бойына жақсы қасиeттерді дарытып, оларды бiлiм нәрiмен сусындатып, тәлім-тәрбиe берудe ұстaздың еңбегi орасан зор. Сондықтан да ұстаздар қауымы әрдайым құрметті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ендеше ұлағатты ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, мұғалім болуды бала күнінен армандап өскен жас маман ұрпақ тәрбиелеуде еселі еңбек етіп, алда алар асулары биік болуына тілектес болайық.
Күмісбек ЕРБАЕВ, «Балқаш өңірі».