ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

c47fd092-1476-4a79-993a-4062b482f8b6.jpg

10c8f6b4-787b-42ef-a09b-601284bcfa3b.jpg

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы осы аптаның сейсенбісі күні Қарой, Көктал және Ақкөл ауылдық округтеріне арнайы барып, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиындарын өкізді.

Сонымен қатар бұл кездесулерге аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудан әкімінің орынбасары Азат Құтпанбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Ақылбеков, сондай-ақ бірқатар мекеме-ұйымдардың басшылары сапарлас болды.

Қарой ауылдық округінде өткен кездесу жиында ауыл тұрғындары тарапынан С.Дос-болов, Қ.Есімбеков көшелеріне тасжол төселсе, ауылдық әкім-шілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар аурухана, несие алу және тағыда басқа ауылдың тыныс-тіршілігі жөнінде мәселе-лер көтерілді.  

  Көктал ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысу мақсатында жалға жер алу, ауыл көшелеріне тасжолдар төсеу мәселелерін ортаға салды. Ал ауыл тұрғыны Ерлан Меңешев аудан орталығынан алатын тұрғын үй кезегі жайында өз мәселесін айтып, аудан әкімінің берген жауабына  қанағаттанды.

Мұнан соң кездесу жиын Ақкөл ауылдық округінде өз жалғасын тапты. Ауылдың тыныс-тіршілігі жайында мә-селелерді ортаға салған ауыл тұрғындары электр жарығының жиі сөнуінің себебі  электр бағаналарының тозығы жеткен-діктен екенін айтып, жарық жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстарын іркіп қалмады.

Аудан басшысы Ғалым Қасымұлы кездесу жиындарды бастамас бұрын  ауыл тұрғындарына өткен аптаның жексенбісі күні аудан көлеміндегі Ақдала, Ақкөл, Көктал және Қарой ауылдық округтерінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілгенін хабарлап, ауыл тұрғындары өз таңдаулары   бойынша сайлаған ауылдық округ әкімдерін таныстырып, ресми түрде тағайындады. Сонымен қатар жаңадан тағайындалған ауыл әкімдеріне ауылдың байырғы ауызбіршілігін  қаз-қалпында сақтап, ауыл тұрғындарымен етене араласып, жұмыс жасап, ауыл халқына мемлекет тарапынан  жеңілдетіліп беріліп жатқан несие түрлерін алуына ықпал етіп, кәсіпкерлік саланы дамытуға, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту тағы басқа маңызды мәселелердің шешімін дер кезінде шешу қажеттігін айтып, алтын бесік ауылды көркейтуге тапсырмалар жүктеді.

Шалғай ауылдарға атбасын бұрған аудан әкімі өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуын өз бақылауына алатынын айтты. 

Ауыл тұрғындары да аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, арнайы келіп кездесу өткізгеніне ризашылықтарын білдірді 

                                       Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі