КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ҚАРАМЕРГЕН ҚАЛАШЫҒЫ СЫР ШЕРТЕДІ

КӨНЕДЕН  ЖЕТКЕН  ҚАРАМЕРГЕН ҚАЛАШЫҒЫ  СЫР  ШЕРТЕДІ

2017 жылдың 12 сәуірінде Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Осы орайда болашақ жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту мақсатында Көктал ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлері тарапынан да көптеген іс - шаралар ұйымдастырылып, әлі де жалғасын табуда. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы аясында көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды. Дәлірек айтқанда ауылға жанашыр азаматтар демеушілік көрсетіп, бірқатар игі істер атқарды.

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтарын насхаттау мақсатында Балқаш ауданының киелі әрі тарихи маңызды жерлерінің бірі Қарамерген қалашығының тарихы туралы сөз қозғамақпыз. Көктал ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ә.Ахметов атындағы орта мектеп оқушыларына «Көнеден жеткен Қарамерген қалашығы сыр шертеді»  атты танымдық сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға арнайы дайындалған «Қарамерген» туралы бейнеролик көрсетіліп, қалашықтың тарихы, аумағы жайында ақпараттар айтылып, балғын балалар ой-пікір алмастырды. Осы орайда Қарамерген қалашығы жайында мәліметтерге толығырақ тоқтала кетсем, қазіргі уақытта бұл бекініс туризм және археологиялық зерттеу объектісі болып табылады.

Қарамерген - Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық сол-түстік аймақтағы өркениетті қалалардың бірі болды. Қалашықтың алаңы 10,7 гектар жерді қамтиды.  Қирату мен эрозияға қарамастан, саман үйлердің қалдықтары мен ирригациялық жүйе жақсы сақталған. Қалада отырықшылық жақсы дамыды. Бұған қарамастан, тоғайлы ормандарда аңшылық та кең өріс алған. Онымен қоса Іле мен Балқашта балық аулау кәсіпке айналған. Бұл аймақты бұрындары тіпті Тұран жолбарыстары да мекендеген деседі. 2013 жылы ортағасырлық солтүстік Қарамерген қаласы ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұра тізіміне енгізілді.

Қалашықтың өз пішіні бойынша елдімекеннің өлшемі 115 х 120 м. тік бұрышты нысан, оның бұрыштары кардиналды нүктелерге бағытталған. Олардың биіктігі шамамен 3 метрге жетеді, ал бұрыштарында дөңгелек пішінді сыртқы мұнаралар бар, олардың биіктігі 4,5 метр. Оңтүстік мұнарадан шығысқа қарай шамамен 20 метр - биіктігі жарты метрлік білікпен қоршалған трапеция тәрізді құрылым. Сондай-ақ, елдімекен аумағынан IX-XIII ғасырларға жататын керамика қалдықтары да табылды.

Қарамерген түрік тілінен аударғанда қара аңшы деген мағынаны білдіреді. Қала өз атауын жақын маңдағы аңшылық алқаптардың арқасында алды. «Қара Мерген» сөздері түркі тамырларына сәйкес келеді, «қара аңшы» дегенді білдіреді. Жетісудың көптеген басқа қалалары сияқты Қарамерген ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қирады.

Міне өткізілген шара барысында оқушылар осылайша өз танымын кеңейтті.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Дәлірек айтқанда Балқаш ауданындағы тарихи орындарды әрбір аудан азаматы біліп жүрсе екен деп тілейміз.

Әйгерім ҚАМЗА, Көктал ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі