ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНЕН ОРЫН ТАПҚАН ӘН

ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНЕН ОРЫН ТАПҚАН ӘН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласының  «Туған жер» бағыты бойынша «Рухани қазына» -ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін таныту, дәріптеу және құрметтеу барысында «Өнегелік құндылықтар», «Туған өлке мәдениеті» бағыттары бойынша туған жердің байлығын, табиғатын, жайқалған егінін, мал шаруашылығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын, сонымен қатар жергілікті сазгер, ақын-жазушылар және тума талант иелерін, ұлттық киім мен ұлттық ою-өрнектерді үйлестіре отырып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жалпы мәдениетін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар ұймдастырылып келеді.

Осы орайда Бақбақты ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері де көптеген игі шараларды ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарымызды халыққа кеңінен дәріптеп келеді. Ұйымдастырылған іс-шаралардың біріне тоқталар болсақ, Бақбақты ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз, ауданға танымал ақын Шұға Смағұлованың сөзіне жазылған  Бақанас ауылының тұрғыны әуесқой сазгер Тасболат Тастанбековтың  «Бақбақтым менің» әнінің тұсауы кесіліп,  халық арасына әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралды. Сонымен қоса, жүрек түкпірінен туған жерге тебіреніп жазылған бұл ән ауыл тұрғындарының көңіліне көңіліне қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта аталмыш әннің көпшіліктің сүйіп тыңдайтын өміршең әні болып қалыптасатынына сеніміміз мол.

Бақбақты ауылдық Мәдениет үйі.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі