«ЖАНҰЯ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРА ӨТКІЗДІ

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жанұя отбасын қолдау орталығы» ҚҚ және Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының бірлескен жоспарына  сәйкес аудандық Мәдениет үйінде «Балалар мен  ата-аналар қарым-қатынасын нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу, ауданның ата-аналары мен білім беру ұйымдарының  психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің сындарлы нысандарын қалыптастыру, «Ата-аналар университеті» бағдарламасын енгізу» мақсатында тренинг өткізілді.

 

Тренингке Алматы облысы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Айғана Асанова, Айгүл Есімбекова, психология ғылымының докторы, Қазақ психологиялық орталығының вице-президенті Ақмарал Дәулетова, пейджи-доктор Жанар Тұрниязова және - Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, қорғаншы-лық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы  Айжан Ізбасар қатысты.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КҚ және Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқық-тарын қорғау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас-ты нығайту жөнінде құнды кеңестер беріліп, ұлттық құн-дылықтар дәріптелді.

Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педа-гогикалық қолдау, мектептің ата-аналармен қарым-қаты-насын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасын мәдениетін дамыту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірнеше тұжырымдамаларды түсіндіріп өтті.

Бейімделу үрдісіне жасөс-пірімнің өзін-өзі бағалауының әсеріне отбасы мен мектептің өзара әрекеті мазмұнындағы сабақ ата-аналар үшін өте пайдалы болды.   Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғам-дастықпен, мектептің бірлескен әрекетінде  екені рас. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Демек, баланың алғашқы тәрбиешісі – ата-аналар. Мек-тептің отбасымен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие саласына жаңа факторлардың маңызды кешенін туғызу – бүгінгі күннің талабы.

Сондықтан, тренингте жаңа технологияларды негізге алып, ата-анамен жұмыстың қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелері қарастырылды. Жалпы баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда  ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т.б. қасиеттеріне байланысты.

Жан-Жак Руссо «Бала ту-ғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Бала тәрбиесін зерттеп жүрген ғалымдар ғылым тұжы-рымдамасына сай өте әсерлі тренинг жасады. Ата – аналар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс беріп отырды.

Мұндай тренингтердің жиі өткізіліп тұруынан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Осы шара барысында осыған көзіміз анық жетті. «Тәрбие талбесіктен басталады» демекші, бала тәрбиесіне мейілінше көп көңіл бөлген абзал.

Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстам-дылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер ұрпаққа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

 

Ахын Сейсеке,

аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?
  • «ЖАНҰЯ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРА ӨТКІЗДІ
  • «ЖАНҰЯ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРА ӨТКІЗДІ
  • Президент Касым-Жомарт Токаев на форуме президентского молодежного кадрового резерва
  • Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервнің форумына қатысты