ӘРБІР АЗАМАТ ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН БІЛУІ ТИІС

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы мүшелерінің бір-біріне қатысты күш көрсетуі, психологиялық қысым жасауы, қорқытуы немесе экономикалық тәуелділік арқылы құқықтарын шектеуі. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамның дамуына кері әсер етеді. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды.

Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық шаралар күшейтілуде. Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, құқық бұзушыларға қатысты жауапкершілікті арттыру және алдын алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қылмыстың кез келген түрінің алдын алуда құқықтық сауаттылықтың маңызы зор. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіпті нығайтып қана қоймай, құқық бұзушылықтардың азаюына ықпал етеді. Ата-аналар балаларға заңға құрметпен қарауды, өзгелердің құқықтарын сыйлауды үйретуі қажет.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Көршілер, туыстар, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдар зорлық-зомбылық белгілерін байқаса, тиісті органдарға хабарлап, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетуі керек. Уақытылы көрсетілген көмек көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шаралардың рөлі ерекше. Түсіндіру жұмыстары, кездесулер, семинарлар және ақпараттық науқандар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осындай жұмыстардың нәтижесінде азаматтар өз құқықтарын қорғаудың жолдарын меңгеріп, заң талаптарын сақтауға ұмтылады.

Әрбір адам қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құқық бұзушылықтарға және қылмыстың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру маңызды. Заң мен тәртіп үстемдік құрған қоғамда ғана тұрақтылық пен даму қамтамасыз етіледі.

 Сондықтан  тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, қылмыстардың алдын алу және олардан қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

                               Өз тілшімпізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оптимизация на 250 часов: как WONK внедряет AI в школы и трансформирует EdTech-рынок Казахстана
  • ӘРБІР АЗАМАТ ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН БІЛУІ ТИІС
  • МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАҒИДАТЫ
  • ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚОҒАМДА ЕРЕКШЕ БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ.
  • Казахстан наращивает промышленный потенциал: новые заводы, энергетика и инвестиции в регионах