«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғылмаушылықтардың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 14-16 мамыр күндері аралығында Балқаш ауданы аумағын-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

 

Рейд барысында түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтКнің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылады. Сондай ақ бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналарда жауапкершілікке тартылады.

 

Балқаш ауданы полиция бөлімі ата-аналарға өз балаларына бақылауды күшейтуге, олардың қайда, кіммен жүргеніне бей-жай қарамауға шақырады. Себебі, әр баланың қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат
  • В столичных парках проходят профилактические рейды
  • Алматы облысында 4 мыңнан астам волонтер тіркелген
  • Құрылтайдың қоғамға берері көп