Лудомания - қоғам дерті

images (1).jpg

Лудомания адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеумет-тік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жок, сондай-ақ рухани тұрғыда да әбден азғындатты. Лудомандар құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған. Олардың негізгі пациенттері - букмекерлік кеңсе ойыншылары. Жалпы, Қазақстанда тіркелген он шақты букмекерлік компания бар. Ал, бейресми мәліметке сенсек, елімізде бұл салада жалпы 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді екен.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ет және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік қолдау мен отбасы институтын нығайту
  • В Германии суд признал законными штрафы за оскорбления канцлера Мерца в Facebook
  • ЗАҢЫ ҮСТЕМ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ДА ЖАРҚЫН
  • Алкогольдікке тәуелділік - ғасыр дерті