Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!

2.png

Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында «Stop Corruption» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

 Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адал қоғам құндылықтарын насихаттау.

 Іс-шара барысында қатысушыларға жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндіріліп, тақырыпқа байланысты арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик арқылы жастар нақты мысалдармен танысып, жемқорлықтың салдары қандай болатынын тереңірек түсінді.

 Құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйлеп, елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, алдын алу шаралары және заң талаптарын сақтау маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, кез келген заң бұзушылықтың жауапкершілігі бар екендігі ескертілді.

  Білім бөлімінің өкілі өз сөзінде жастарды адалдыққа, әділдікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Жастардың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуы қоғам дамуының кепілі екені ерекше айтылды.

  Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

 Мұндай кездесулер жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтып, әділ әрі ашық қоғам құруға үлкен үлес қосады.

 Адалдық — әр адамның ішкі таңдауы. Болашақ — біздің қолымызда! ✨

 

#StopCorruption #ЗаңменТәртіп #Адалдық #Жастар #ҚұқықтықСауат #Алатау #ЖемқорлыққаЖолЖоқ #ӘділҚоғам


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите