Амал келді – жыл келді

1.png

14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше маңызы бар күндердің бірі. Бұл күн – Көрісу күні, яғни Амал мерекесі деп аталады. «Амал келді – жыл келді» деп бекер айтылмаған. Өйткені бұл күн – қыстың ызғары кетіп, көктемнің лебі сезіле бастаған, жаңа жылдың басы саналған уақыт.

Көрісу күні адамдар бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып амандасады. «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтып, өткен өкпе-реніштерді ұмытып, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алады. Бұл – тек амандасу ғана емес, адамдар арасындағы сыйластықты, бірлікті нығайтатын ерекше дәстүр.14 наурыз – Көрісу күніне орай Құйған ауылдық кітапханасында «Амал келді – жыл келді» атты танымдық сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Шараға мекеме қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар қатысып, ұлттық дәстүрге деген құрметтерін білдірді.

Іс-шара барысында оқырмандарға Көрісу күні – Амал мерекесінің шығу тарихы мен оның тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Бұл күн – қыстан аман-есен шығып, бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, татулықты нығайтатын ерекше мереке екені атап өтілді. Қатысушылар бір-бірімен қол алысып көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кітапхана қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын дәріптей отырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттады. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ауызбіршілік пен сыйластық сияқты асыл қасиеттердің мәні айқын көрсетілді. Құйған ауылдық кітапханашысы. Ксенбай Ақмөр Иманғалиқызы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана