Аудан аумағында «Сталкингке жол жоқ!»

;l.png

Аудан аумағында «Сталкингке жол жоқ!» тақырыбында алдын алу іс-шаралары өткізілуде. Осы аптада Бақанас мектеп-интернатында жасөспірімдер арасында сталкингтің алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға сталкингтің түрлері мен оның салдары түсіндіріліп, құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен айтылды. Сондай-ақ, жеке қауіпсіздікті сақтау жолдары жөнінде ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.  Шара жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыруға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

#stopstalking


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды!
  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 миллион теңгеден аса қаражат қайтарылды
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Международной конференции по искусственному интеллекту AI
  • «SAQTAN-2026»: 20 түнгі рейд жргізіліп, 175 әкімшілік хаттама толтырылды
  • АЭС өндірісі – отандық кәсіпорындарға үлкен мүмкіндік