Алматы облысында былтыр тарифтерді бекітуге 351 өтінім түсті

 0e789527-0c00-481b-93f6-6f4debc64e28.jpg

       Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын жария етті.

        Департамент басшысы Гүлмира Өтегенованың айтуынша, өзің басқаратын мекеме  91 қызмет түрін көрсететін 83 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейтіні хабарлады.

 Оның ішінде тауарлық газды тасымалдау бойынша 13 субъект, жылумен жабдықтау саласында 10 субъект, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру қызметтері бойынша 53 субъект, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жол ұсынатын 7 субъект бар екені нақтыланды. Сонымен қатар, газбен жабдықтау саласындағы 13 қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне қатысты баға белгілеу функциялары жүзеге асырылатыны жеткізілді.

        Брифингте 2025 жылы тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге 351 өтінім түскені айтылды. Оның 159-ы қабылданбаған, 182 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілген, 10 өтінім қаралуда. Инвестициялық бағдарламаларды бекітуге 48 өтінім түсіп, оның 27-сі мақұлданғаны, 20-сы қабылданбағаны және 1 өтінімнің қаралу үстінде екені мәлімделді.

        «2025 жылға арналған тарифтердің өзгеруі халық үшін орта есеппен 18 пайызды құраған. Тарифтердің өсуіне стратегиялық тауарлар, шикізат пен материалдар бағасының қымбаттауы, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері қызметкерлерінің жалақысын арттыру себеп болған»,-дейді департамент басшысы Гүлмира Өтегенова.

        2024 жылғы тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 33 субъектіге 34 уақытша өтемдік тариф енгізілген.. Тұтынушыларға қайтарылатын қаражат көлемі 243,7 млн теңгеден асқаны айтылды. Нәтижесінде қолданыстағы тарифтер 0,02 пайыздан 55,29 пайызға дейін төмендетілген.

        Мысал ретінде бірқатар кәсіпорындардың тарифтері төмендетілгені келтірілді. Атап айтқанда, «Шелек су шаруашылығы» МКК-нің сумен жабдықтау тарифі, «Жылу орталығы» МКК-нің жылумен жабдықтау тарифі, «BeyAzh Trans» ЖШС-нің электр энергиясын беру тарифі және «Қапшағай ауданының газ желілері» ЖШС-нің тауарлық газды тасымалдау тарифі азайтылған.

        Бақылау жұмыстары аясында 2025 жылы 13 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 40 әкімшілік іс қаралған. Заңбұзушылықтарды жою туралы 8 нұсқама енгізіліп, жалпы сомасы 52,2 млн теңге айыппұл салынған. Оның 23,4 млн теңгесі жеңілдетілген тәртіппен бюджетке өндірілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан аумағында «Сталкингке жол жоқ!»
  • Алматы облысында былтыр тарифтерді бекітуге 351 өтінім түсті
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІНІҢ АЙҒАҒЫ
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ПІКІРІНІҢ КӨРІНІСІ
  • РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАСТАР ЖОЛ