Коалиция мүшелері АлматыЭнергоСбыт ұжымымен кездесті

31.png48.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бақанас ауылындағы АлматыЭнергоСбыт еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

 

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

 

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Самат Рахишов

 

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

 

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МВД напомнило об ответственности за ношение одежды, препятствующей распознованию лица
  • ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілік туралы еске салды
  • Заң мен тәртіп
  • Казахстан на стыке континентов: новая стратегия взаимодействия с Европой
  • От энергетики до искусственного интеллекта: Токаев о будущем партнерства Казахстана и ЕС