АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІРГЕТАСЫ

10.png

Ата Заң – Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық іргетасы. Сондықтан оны жаңарту мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен, ашық әрі жария түрде талқылануы маңызды.  

Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ мұндай бастама халықтың пікірін ескеріп, ашық әрі жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асқан жағдайда ғана өз нәтижесін береді7

Ал Конституция мәтінінің басым бөлігіне өзгерістер енгізілуі мен Преамбуланың толықтай жаңартылуы мемлекеттің құндылықтық негіздерін қайта қарап, қазіргі заман талаптарына сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған Преамбулада адам және оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нығая түседі.


Бақыт Сқабаев, Балқаш аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • День влюбленных в небо: на аэродроме Байсерке проходит авиационный фестиваль
  • Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр
  • Культура и искуства
  • Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл
  • Шәмші Қалдаяқовтың туған күні: "Қазақ вальсінің королі" туралы не білеміз?