Алматы облысында тағамнан уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 3 есе төмендеді

1.png

2024–2025 жылдар аралығында ботулизм бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсара түсті. 2025 

жылы Алматы облысында ботулизммен сырқаттану көрсеткіші 3-тен 1 жағдайға дейін төмендеді, 

зардап шеккендер саны 7 адамға азайды, ал өлім-жітім 3 есе қысқарды.  Бұл туралы Алматы 

облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 Муслим Сағадиев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. 


      Ботулизм – бактериялары бөлетін токсиннен туындайтын өте қауіпті улану түрі. Уақтылы 

медициналық көмек көрсетілмесе, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді екен.  


Өткен жылы  «тағамдық токсикоинфекция» алдын ала диагнозымен жаппай тағамнан уланудың 3 

жағдайы тіркелген.   Былтыр аталмыш улану түрлері бойынша деректің  2-еуі (66,6%) Қарасай 

ауданындағы қоғамдық тамақтану нысандарында, 1 жағдайы (33,3%) Талғар ауданында тұрмыстық 

астан болған.


«2025 жылы тағамнан уланудан жалпы 12 адам зардап шекті, оның ішінде 7 бала (58,3%).

 Бұл көрсеткіш 2024 жылмен шамалас, ол кезде 13 адам, оның ішінде 9 бала (69,2%) зардап шеккен.

 2024–2025 жылдары жаппай тағамнан улану бойынша адам шығыны тіркелген жоқ»-деді өз сөзінде 

спикер. 


Эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп, науқастардан, тағам өнімдерінен және қоршаған орта 

нысандарынан сынамалар алынған. Талдау нәтижелері тағамнан улану көбінесе қоғамдық тамақтану 

орындарында дайындалған тағамдарды (суши, пицца), сондай-ақ үй жағдайында дайындалған 

консервілерді тұтынумен байланысты екенін көрсеткен. 


Муслим Сағадиевтің айтуынша, тағамнан уланудың алдын алу – денсаулық сақтау органдарының, 

кәсіпкерлік субъектілерінің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қауіпсіз тағам тұтыну 

қағидаларын сақтау арқылы халық денсаулығын нығайтып, тағамнан улану жағдайларының алдын 

алуға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства встретился с официальными лицами ЕС и Европейского инвестиционного банка*
  • “Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті*
  • *В присутствии Главы государства Касым-Жомарта Токаева, Президента Европейского Совета Антониу Кошты
  • *Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық
  • Сводка официальных опровержений за период с 11 по 20 июня 2026 года.