Елдің экономикалық дамуына жаңа серпін беруді көздейтін қадам

бдлд.png

Берілген бастама Конституцияның іргелі қағидаттарын сақтай отырып, елдің экономикалық дамуына 

жаңа серпін беруді көздейтін маңызды әрі теңгерімді қадам деп санаймын. Ерекше құқықтық режим 

енгізу туралы ұсыныс унитарлы мемлекет ретіндегі Қазақстанның тұтастығына ешқандай қауіп 

төндірмейді, керісінше, жекелеген аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.


Халықаралық қаржы орталығы «Астана» мен Алатау қаласын дамытуға қатысты айтылған нормалар

 жаһандық бәсекеге қабілетті экономикалық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл инвестиция тарту,

 қаржы секторын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу тұрғысынан аса өзекті.


Сонымен қатар, Конституциялық комиссия өкілінің унитарлық, аумақтық тұтастық, бөлінбейтіндік 

қағидаларының өзгеріссіз қалатынын нақты атап өтуі – қоғам үшін маңызды кепіл. Әкімшілік-аумақтық

 құрылым тек конституциялық заңмен айқындалатыны да құқықтық айқындық пен тұрақтылықты 

қамтамасыз етеді.


Жалпы алғанда, бұл ұсыныстар экономикалық жаңғыру мен конституциялық тұрақтылықтың үйлесімін 

көрсетеді және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму мүдделеріне толық сай келеді.

Балқаш аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі К.Анипин


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства встретился с официальными лицами ЕС и Европейского инвестиционного банка*
  • “Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті*
  • *В присутствии Главы государства Касым-Жомарта Токаева, Президента Европейского Совета Антониу Кошты
  • *Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық
  • Сводка официальных опровержений за период с 11 по 20 июня 2026 года.