Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформа – ел тарихындағы түбегейлі әрі стратегиялық маңызды

58.png

Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформа – ел тарихындағы түбегейлі әрі стратегиялық 

маңызды қадам. Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтитын түзетулер мен Преамбуланың толықтай 

жаңа редакциясы мемлекет құрылымын жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 

қорғауды күшейтуге және қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Бұл реформалар 

Қазақстанның демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде өзіндік миссиясын 

нақтылайтын маңызды белес болып табылады.  

Жаңартылған Преамбулада адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде

 айқындалып, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігі нақты көрсетіледі. Сонымен қатар, тарихи 

сабақтастық, ұлттық мәдениет, құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жаңа редакцияда көрініс табады, бұл

 елдің рухани бірлігін нығайтады және мемлекеттік шешімдерге сенімділікті арттырады. 

Конституциялық реформаның маңызды аспектісі – билік тармақтарының теңгерімділігі мен Парламенттің

 жаңа бірпалаталы моделін енгізу, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту, Конституциялық 

соттың және құқық қорғау механизмдерінің рөлін күшейту. Бұл қадамдар құқық үстемдігін қамтамасыз етіп, 

мемлекеттік шешімдердің ашықтығы мен әділдігін арттырады. Сонымен бірге мемлекет пен дін арасындағы 

өзара қатынасты реттеу, қоғамдық ұйымдардың қызметін құқықтық тұрғыдан нақтылау елдегі тұрақтылық

 пен келісімге зор үлес қосады. 

Реформа тек құқықтық түзету ғана емес, ол мемлекеттің миссиясын, функцияларын және қоғаммен 

байланысын жаңа қырынан түсінуге мүмкіндік береді. Азаматтық қоғам институттарын белсенді тарту, 

қоғамдық пікірді шешім қабылдау процесіне енгізу және басқару тиімділігін арттыру қоғамдағы қатысу мен 

сенімді нығайтады. 

Осы жаңартулар Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, қоғам дамуының стратегиялық бағытын

 айқындайтын, елдің тарихи сабақтастығын сақтай отырып, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік 

беретін құралға айналдырады. Жалпы алғанда, бұл реформалар Қазақстанның тұрақты дамуына, құқықтық

 мемлекет ретінде нығаюына және азаматтардың Конституцияға деген сенімін арттыруға берік негіз қалайды

 деп есептеймін.


Қоғам белсендісі – М.Байділдаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұсынылып отырған конституциялық түзетулерді реформалардың көрінісі деп бағалауға болады.
  • Елдің экономикалық дамуына жаңа серпін беруді көздейтін қадам
  • Маңызды қадам деп бағалауға болады.
  • Конституциялық комиссия ұсынған түзетулер кешенді әрі салмақты қадам
  • Қазақстандағы конституциялық реформа – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық қадам.