Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар Негізгі заңның мазмұнын терең жаңғыртуға бағ

fgk.png

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар Негізгі заңның мазмұнын терең жаңғыртуға бағытталған жүйелі әрі ауқымды қадам екенін көрсетеді. Конституция мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілуі және Преамбуланың толықтай жаңа редакцияда ұсынылуы мемлекеттің даму бағытын заман талабына сай қайта айқындауға мүмкіндік береді. Жаңа Преамбулада адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты айқындалады. Бұл қағидалар конституциялық реформаның түпкі мақсатын – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруды айқындайды.Сонымен қатар, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін жетілдіру, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейту, мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасты нақтылау қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді нығайта түседі. Жалпы алғанда, аталған өзгерістер Қазақстанның институционалдық дамуына серпін беріп, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін жаңа деңгейге көтереді деп есептеймін.

Балқаш ауданының жастар белсендісі – А.Қаратай


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұсынылып отырған конституциялық түзетулер Қазақстанда адам құқығы мен адам қадірін мемлекеттің ең жо
  • Берілген бастама Конституцияның іргелі қағидаттарын сақтай отырып, елдің экономикалық дамуына жаңа с
  • Конституциялық комиссия ұсынған өзгерістер елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және халықт
  • Конституциялық комиссия ұсынған түзетулер Қазақстандағы мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйені түбе
  • Қазақстандағы конституциялық реформа – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық қадам.