



Сәлем достар!
Бүгін Алматы облысында жастар арасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға
бағытталған «Stop corruption» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
кездесуі ұйымдастырылды.
???? Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы
Мухамедияров Дархан Нуртилеуұлы жастармен ашық
форматта кездесу өткізді.
????️ Кездесу барысында адалдық қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу тетіктері, құқықтық сауаттылықты
арттыру, сондай-ақ этикалық құндылықтарды нығайту мәселелері
кеңінен талқыланды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
санасын қалыптастыру, азаматтық
жауапкершілігін арттыру және қоғамда адалдық пен әділдік
қағидаттарын дәріптеу.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін
толғандырған сауалдарға нақты жауап алды.
#StopCorruption
#СыбайласЖемқорлыққаҚарсы
#Адалдық
#ӘділҚоғам
#ЖастарСаясаты
#ҚұқықтықСауаттылық
#АзаматтықЖауапкершілік


