Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу

Халық саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр.

Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу
 pixabay.com


Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Негізінен ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) мен әйелдер (72,2%) осындай пікірде.

Халық саяси (76,5%)  және әлеуметтік-экономикалық (67% ) жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр.

Бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтар ауыл-аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау жүйесі ашық бола түсті. Конституциялық сот қалпына келтірілді. Гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласының қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.

Жалпы сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттерді  89%-ы өз көңіл-күйін оң бағалайды. Негізінен 18-35 жас аралығындағы жастар, бойдақтар, отбасылы адамдар, жоғары білімі бар адамдар позитив көңіл-күйде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году