Осы аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесінің пленумы болып өтті.
Келелі жиынды жүргізген аудан әкімі Азат Құтпанбетов күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша баяндама жасау үшін аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаевқа сөз берді.
Өткен жыл ішінде атқарған жұмыстар жайында баяндама жасаған Бақыт Сқабайұлы аудандық Ардагерлер кеңесінің негізгі мақсаты тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу, аудан көлеміндегі күрделі мәселелердің күрмеуінің ше-шілуіне және ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау екенін айтып, осы мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Аудандық Ардагерлер ке-ңесінің төрағасы өзінің баяндамасында: «Аудан бойынша ардагерлер ұйымның есебінде 3554 зейнеткер болса, оның ішінде тыл ардагерлері 62 адам және Ауған соғысы ардагерлері 37 адамды құрайды. Сонымен қатар ауданның Құрметті азаматтары, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен белсенді қариялар енгізілген. Атап айтқанда, Ардагерлер кеңесінің, жастар ұйымдарымен бірлесіп ел болашағы жастарға ұлттық тәрбие беру, қоршаған ортаны құрметтеу бағытында әр буын өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде жос-парлы шаралар ұйымдастырылды. Жас ұрпақты салауаттылыққа бейімдеу барысында «Дін – тәрбие діңгегі», «Тарихынды таны – тұлғаңды құрметте!» - тақырыбында тан-ымдық шаралар да жоспарлы түрде өткізілді.
Қазыналы қарттарымыздың арасында облыстық шараларға қатысып жүрген қария-ларымыз да жоқ емес» деп республикалық, облыстық, байқауларға қатысып, жүлделі орындар алған бірқатар қазы-налы қарттардың есімдерін атап шықты.
Келесі сөз кезегін алған Бақбақты, Ақдала және Жиделі ауылдық Ардагерлер ұйымының төрағалары аудан бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, Бақыт Сқабаевтың есептік баяндамасына оң бағаларын берді.
Жиында аудан басшысы «Қарты бар елдің-қазынасы бар» деген қанатты сөзді негізге алып, аудандық Ардагерлер кеңесінің ықпалымен аудан көлемінде бірқатар игі шаралардың жүзеге асырылып жатқанын айта келе, ынтымағы жарасқан құт мекеніміздің ырысын арттырып жүрген қариялардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дана халқымызда «Қарты бар ел – бақытты ел, байыпты ел» деген қанатты сөз бар. Өйткені олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдарының орны қашанда біз үшін бөлек.
Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп - өркендеуіне, ұлттық салт – дәстүріміздің, ана тіліміздің, асыл дініміздің қазқалпында сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғануына қарияларымыздың қосып жүрген үлестері мен еңбектері орасан.
Өз тілшімізден.