Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Білімді ұрпақ қалыптастыра алған мемлекет ғана талабы мен талғамы күн санап жоғарылап отырған мына заманның бар қиындығын тізе бүктіріп, әлемді мойындата алады» деген. Бұл әрине айна қатесіз ақиқат. Өйткені мектеп партасында алған білім әлемдегі барлық өнер - ғылымның алғашқы іргетасы, дамудың алтын арқауы.
Мемлекетіміздің ертеңгі болашағының нұрлы болуы білім шыңынан қанат қаққан озат оқушылардың алған біліміне байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған басты мәселе - білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру. Оқуда озат, тәлімді де тәрбиелі, өнер - білімге құштар, спо-рттық сайыстарда биік белестерді бағындырған оқушы ұс-таздарының мақтанышы.
Осы аптаның сейсенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының ұйымдастыруымен оқу – ғылымға құштар, өнер мен спорттық сайыстарда топ жарып жүрген мектеп мақтаныштарының мәртебесін арттырып, олардың осындай биік белестерді бағындыруларына еселі еңбек сіңірген ұстаздарының есімін ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарына құрмет көрсету мақсатында «Жеңіс жолында – 2024» тақырыбында мәдени шара өткізді.
Аталмыш мәдени шарада алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов: «Дана халқымызда «Оқу-инемен құдық қазғандай» деп, бағалаған білім алу да, білім беру де - ең жауапты әрі күрделі үрдіс. 2024-2025 оқу жылында ауданымыздың білім саласында оқушыларымыз түрлі олимпиадаларға қатысып, үздік нәтиже көрсетуде. Оның ішінде атап айтсақ, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне - 301 оқушы, облыстық кезеңге - 54 оқушы қатысып, 2 оқушы республикаға жолдама алды. 9-11 сынып оқушыларына республикалық пәндік олимпиадаларға - 277 оқушы қатысып, 74 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
Дарынды балалармен жұмыс - ұстаздар еңбегінің көрсеткіші. 2024-2025 оқу жылында «Дарын» ғылыми жобасының аудандық кезеңіне - 89 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге - 18 оқушы қатысып, 2 оқушы ІІ-ші кезеңге жолдама алды. «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының аудандық кезеңіне - 92 оқушы, облыстық кезеңге - 15 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарды ие-ленді.
10-11 сыныптарға арналған «Алтын түлек» олимпиадасына 82 оқушы қатысты. Оның ішінде 19 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды» - деп аудан көлеміндегі білім шаңырақтарында атқарылып жатқан ғылыми жұмыстарға кеңінен тоқталып, барша ұстаздар қауымына өзінің жү-рекжарды ақ тілегін ақтарды.
Мұнан соң кезек марапаттауға берілді. Марапатау барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шолпан Қошаханова және ата – аналар комитеті мен демеушілер сахна төріне көтеріліп, дарынды оқушылар арасында өткізілген білім саласы бойынша Республикалық, облыстық «Ауыл олимпиадаларында», сондай – ақ облыстық пән олимпиадаларында жүлделі орын алған оқушылар мен олардың ұстаздарын және ата – аналарын марапаттады.
Келесі кезекте оқушылар-дың мәдени шараларға қаты-сып, «USHQYN» халықаралық балалар және жасөспірімдер байқауында, сондай - ақ республикалық «Бояулар сыры» және "Игі істер" сурет байқауларында жүлделі орындар алған оқушылар мен оқытушылар және дарынды бала тәрбиелеп өсірген ата – аналарды марапаттап, құрмет көрсетті.
Өнерлі балаларды марапаттау үшін «Балқаш Таза су» мекемесінің директоры Бақытжан Хамзин, Балалар өнер мектебінің директоры Бақыт Дәуітбаева және Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының 4 сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Балжан Дәрубаева сахна төріне шақырылды.
Ал спорттық сайыстарда халықаралық, республика-лық, облыстық деңгейдегі әртүрлі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатқан балғын спортшыларға аудандық «Бірлік» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Фархад Мұсаев және білім шаңырағындағы 6 сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Ардақ Мамышева спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына және ата-аналарына марапаттарды табыстады.
Марапаттаудың қорытынды кезеңінде аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры Альвира Халықова және ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлмира Жакупова «Жеңіс жолында 2024» іс – шарада үздік атанған оқушыларды марапаттап, арнайы жұлдыз мүсінін табыстады.
Жоғары денгейде ұйымдастырылған мәдени шарада Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушылары әуелете ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты шараны қорытындылаған Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Альвира Манатқызы мәдени шараның өтуіне ықпал жасаған аудан әкімдігіне, жоғары деңгейде ұйымдастырған аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар өнер - білімге құштар ұрпақ тәрбиелеген ата-аналар мен ұстаздарға алғысын айтып, жүзден жүйрік атанған үздік оқушыларға алар асуларың биік болсын деген тілегін арнады.
Мәдени шара соңында аталмыш білім шаңырағының мақтаныштары, үздік марапат иелері өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ертеңгі күннің еншісі - бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланыс-ты. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болу - рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Ендеше осындай биік белестерге қадам басқан жас өрендерге қолдау көрсетіп, олардың ашық аспан астында бақытты ғұмыр кешуіне тілектес болайық, ағайын!
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, "Балқаш өңірі".